Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы
2020 жылдың 06-қыркүйегінде облыс бойынша COVID-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3223 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1576) және 51,1%-ы симптомсыз (1647) жағдай. 3019(94%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2329 жағдай, оның ішінде (1027 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (9), Алға – 91 (76), Байғанин – 56 (32), Ырғыз – 53 (33), Қобда 15 (14), Қарғалы – 26 (16), Мәртөк – 47 (27), Мұғалжар – 171 (124), Темір – 187 (158), Ойыл – 21 (11), Хромтау – 96(50), Шалқар ауданы – 111 (70).
Жалпы тіркелген 3223 науқастың 2,1% (69) сырттан әкелінген, 13,6% (440) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 49,4% (1592) жергілікті жағдайлар және 35% (1122) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 70 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.